Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді

09.06.2022

Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында «Фортске фуче индустриес» компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады. Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсатының бірі. Шетелдік кәсіпкер Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты. Ал Игорь Финогенов геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.

Қ.Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен де кездесті. Елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу