Нью-Йоркта көпжақты дипломатия аптасы басталды

23.09.2014
Нью-Йоркта көпжақты дипломатия аптасы басталды

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Нью-Йоркке сапары басталды. Министр бұл сапар барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 69-отырысына қатысып, шетелдік әріптестері және халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізбек.

Қыркүйектің үшінші тоқсанында Нью-Йорк әлемдік дипломатияның белсенді орталығына айналып, БҰҰ барлық мүше-елдердің мемлекет, үкімет басшыларымен қатар, сыртқы істер министрлері жиналатыны мәлім.

Бұл шетелдік әріптестермен жиналып қалған екіжақты мәселелерді талқылауға, өз елінің негізгі жаһандық қауіпсіздік мәселері турасындағы ұстанымын БҰҰ мінберінен халықаралық қауымдастыққа еліміздің жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдарын жеткізудің қолайлы мүмкіндігі.

Нью-Йорктағы алғашқы күні ҚР СІМ басшысы америкалық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың ішінде: «Боинг», «Сикорски Эйркрафт», «Ситигрупп», «Шеврон» және т.б. бар.

Сұхбаттастарымен шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар ұйымдастырылуы туралы бастамаға байланысты әрі қарай ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда іс жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, СІМ басшысы шетелдік әріптестерімен де бірқатар кездесулер өткізді. Олардың ішінде Алжир мен Коста-Рикалық әріптестері Р. Ламамара және Г. Санз да бар.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен келешегі, ынтымақтастықты дамыту жолы, халықаралық ұйымдар аясындағы әріптестікке қатысты сұрақтар, сондай-ақ, халықаралық күнтәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұған қоса, Е. Ыдырысов жетекші американдық БАҚ пен БҰҰ радиосына сұхбат берді. Сұхбаттар негізінен Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне талпынысы барысында алдына қойған мұраты, Қазақстанның Украинадағы жағдайға байланысты пікірі, Климаттың өзгеруі бойынша саммитке байланысты көзқарасы мен ұсыныстары және Қазақстанның жалпы сыртқы саясаты жайлы болды.

ҚР СІМ басшысының Нью-Йоркқа сапары 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Фото: mfa.gov.kz

Хабарламаларға жазылу