Ақтөбеде облыс атынан Рио олимпиадасына қатысқан спортшылар марапатталды. Олар екеу: бірі - қола медаль алған зілтемірші Фархад Харки, екіншісі - еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев, деп хабарлайды Sports.kz.
ОО-2016 қола жүлдегері Фархад Харкиге облыс басшылығы пәтер кілтін табыстады. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев оған сертификат табыстап тұрып: «Саған мемлекеттік тілді меңгеруің үшін 4 жыл уақыт беріледі», - деді күліп.
Одан соң Нұрислам Санаевқа алғыс хат табысталды.
Олимпиадада Фархад Харки қола жүлдеге қол жеткізсе, Нұрислам Санаев жартылай финалға шыға алмай қалған еді.