Надтеречный мен Урус-Мартан елді мекендерінде қатты жауын мен күшті желден 60-тан астам тұрғын үйлер қирады. Бұл туралы Шешенстан ТЖМ хабарлады.
Мәскеу уақытымен түнгі 01:10-да алапат дауыл Грозный қаласындағы Надтеречное елді мекеніндегі және Урус-Мартан ауданындағы 9 қоғамдық нысанға, бес көпқабатты үйге және 59 жеке үйге залалын тигізген. Нысандардың көпшілігінің шатыры ұшып кеткен.
Атап айтқанда, үш мектеп, Грозный қаласындағы Орталық перзентхана және соғыс ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық ауруханаға зақым келген. ТЖМ хабарлауынша, зақым келген үйлерде 358 адам өмір сүрген, оның 121-і балалар.
Айта кетейік, Шешенстан Республикасының Төтенше жағдай министрлігі 1995 жылы туған қыздың қаза тапқанын мәлімдеді, ол жеке баспана қабырғасы құлағанда үйіндінің астында қалған.
Грозный қаласының мэрі Муслим Хучиев қалада төтенше жағдай режимін жариялады. Апат салдарын жою үшін жедел штаб құрылды.
tass.ru