Астанада EURO-2016 ақтық жарысының жаппай көрсетілімі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада EURO-2016 ақтық жарысының жаппай көрсетілімі болады

10.07.2016

Астанада қала қонақтары мен тұрғындарына арналып алып Led-экрандарда футболдан Еуропа чемпионатының финалдары көрсетіледі.

Қаланың ресми сайтының  хабарлауынша  шілденің 10-нан 11-не қараған түні спорт жанкүйерлері Португалия мен Франция арасында өтетін EURO-2016 ақтық жарысты мына орындардан көре алатын болады:

 1.  «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында (Қонаев к-сі, 4, кіру - Нұржол желегі жағынан) көрсетіледі. Жанкүйерлерден матчқа алдын ала келуді сұраймыз. Залдың есігі 00:00 ашылады. Кіру тегін. Матчтың комментаторы - Евгений Акманов. Трансляция Dolby Surround дыбысымен HD форматында өтеді.

2.  «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығы мен «Северное сияние» тұрғын үй кешенінің арасында Нұржол желегінде орналасқан Led-экраннан көрсетіледі. Бұл жаңа Led-экран, кездесу алғаш рет трансляцияланатын болады. Экранның биіктігі - 11 метр, ұзындығы - 17 метр. Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін сауда палаткалары орнатылды.

Көрсетілім барысында «Көрме» орталығынан «Керуен» СОО дейін Нұржол желегінің бойы жабылады.

Трансляция сағат 00:45 басталады.

 

Хабарламаларға жазылу