Спорт журналистері күніне орай Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлде иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт журналистері күніне орай Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлде иегерлері анықталды

02.07.2016
Спорт журналистері күніне орай Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлде иегерлері анықталды

Бүгін халықаралық спорт журналистері күні мерекесіне орай БАҚ өкілдеріне спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық табыс етілді.   

Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері қатысып, үздіктерге сыйлықтарды тапсырды.

Үздік жарияланым үшін номинациясы бойынша «ҚазАқпарат» агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Ғайсағали Сейтақ марапатталса, «Үздік телевизиялық репортаж» номинациясы бойынша «Хабар» телеарнасының спорт журналисі Қанат Базылхан марапатталды. Ал, «Үздік фотожұмыс» номинациясы бойынша фототілші Алексей Филиппов марапатталды.

Дереккөз:inform.kz

Хабарламаларға жазылу