Стамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында бірнеше жарылыс болды (ВИДЕО)
Стамбұлдағы Ататүрік халықаралық әуежайында қатарынан бірнеше жарылыс болды. Нақтыланған мәлімет бойынша 36 адам қаза болып, 147 адам жараланған. Жарылысты «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы ұйымдастырған, деп хабарлайды BNews.kz.
28 маусым кешкісін түркиялық БАҚ-та елдің ірі әуежайында екі жарылыс болғаны туралы хабар тарады. Жарылыстан соң куәгерлер терминал ғимаратынан қашып бара жатқан қаруланған төрт адамды байқап қалған. Жарылыс әуежайдың кіреберісінде, шығатын жолда және көлік тұрағында болған.
«Мұның барлығын ДАИШ-тың ұйымдастырғаны байқалады, тексеру жалғасып жатыр», - деді Түркияның Премьер-Министрі Бинали Йылдырым.
Жарылыстан соң әуежайдың көлік тұрағында атыс болған. Түркия билігі оқиғаны теракті деп бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27