Белгілі музыкант Ержан Құлыбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі музыкант Ержан Құлыбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2018

Қазақстанның атын жаһанға танытып жүрген музыкант Ержан Құлыбаев да барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтайды. Алғаш скрипканы 6 жасында қолына алған музыкант өмірде де, өнерде де жеңіске жету табандылық пен ерен еңбекті қажет ететінін жақсы біледі. Сол еңбектің арқасында Ержан Құлыбаев Нью-Йорк, Буэнос-Айрес, Лиссабон, Берлин, Новосібір және Екатеринбургтегі халықаралық байқаулардың алты бірдей бас жүлдесін иемденген. Познаньдағы Генрик Венявский атындағы скрипкашылар байқауының лауреаты, «Washington Award» сыйлығының иегері. Жаһандық классикалық туындыларды скрипкада шебер ойнау арқылы Америка, Еуропа мен Азия жұртшылығын тәнті еткен жерлесіміз қазір Мадридтегі «Катарина Гурска» жоғарғы музыка мектебінің профессоры. 

Ержан Құлыбаев, скрипкашы:

- Мен әрқашан елімнің абыройын асқақтатуға тырысып жүремін. Әрі Қазақстандағы жағымды жаңалықтарға, споршыларымыздың, музыканттарымыз бен суретшілеріміздің, жалпы, елдің жетістіктеріне марқайып отырамын. Барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын. Халқымыз аман, елімізде мәңгі бейбітшілік болсын.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу