Қ.Бишімбаев: Шілдеде электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету мәселесі қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаев: Шілдеде электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету мәселесі қаралады

21.06.2016
Қ.Бишімбаев: Шілдеде электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету мәселесі қаралады

Ағымдағы жылдың шілдесінде электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету мәселесі қаралады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев  мәлім етті.

«Инфляцияны төмендету және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ елдің ірі электр стансаларының толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету  жөніндегі мәселе ағымдағы жылғы 15 шілдеге дейін қаралатын болады. «ССКБӨБ» АҚ-ның темір кені шикізатын Қытай мен Ресейге жеткізуді ұлғайту бойынша шаралар қабылданады. Оның ішінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне  тарифтерді уақытша төмендету коэффициентін ұсынылады. Ол 2016 жылы темір кені шикізатын жеткізуді 6,4 млн. тоннадан 6,7 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, жалпы өңдеу өнеркәсібінде өсуді ынталандыру үшін магистральдық теміржол желісі және электр энергиясы қызметтеріне тарифтерді уақытша төмендету коэффициентін, жеңілдікті шартпен айналым капиталын, лизингтік қаржыландыруды және экспорттық/экспорталды кредиттеуді ұсыну жөніндегі, сондай-ақ сыртқы сауданы реттеу шаралары қабылданатын болады.

«Сонымен бірге, ағымдағы жылғы маусымның соңына дейін өңірлердің әкімдері отандық кәсіпорындардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыспен қамтуды сақтау бойынша тиісті қосымша шаралар қабылдайды», - деп қосты министр.

Хабарламаларға жазылу