Семейде Президент мұрағатының деректі көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Президент мұрағатының деректі көрмесі ашылды

19.09.2014
Семейде Президент мұрағатының деректі көрмесі ашылды

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте «Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қарусыз әлемнің көшбасшысы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды altaynews.kz. сайты.

Көрмеде Елбасының полигонды жабу туралы Жарлығы, «Невада-Семей» қозғалысы мүшелері суреттерінің естелік суреттері және құпия құжаттар қойылған.

Сондай-ақ, мұнда Лаврентий Берияның ядролық полигонды құру туралы Сталинге жазған хаттары да бар.

Көрме алдағы уақытта Алматда жалғастырылмақ, ал Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу