Нью-Йорктегі Бас консулдық америкалықтар асырап алған қазақстандық балаларды мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорктегі Бас консулдық америкалықтар асырап алған қазақстандық балаларды мерекемен құттықтады

31.05.2016
Нью-Йорктегі Бас консулдық америкалықтар асырап алған қазақстандық балаларды мерекемен құттықтады

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Нью-Йоркте Қазақстанның Бас консулдығы «Қазақстан-Америка альянсымен» бірлесе отырып, америкалықтар асырап алған қазақстандық балаларды құттықтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шараны ашу барысында Бас консул Раушан Есболатова балалар күні мерекесінің тарихы туралы әңгімелеп берді.  Бас консул балаларды құттықтай келе, мұндай мерекенің АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық балалар үшін өздерінің мәдени, рухани  тілдік ерекшеліктерін ұмытпауға  зор септігін тигізетінін атап өтті. 

Өз кезегінде бала асырап алған ата-аналар жүздеген қонақтардың басын қосқан шараға шынайы алғыстарын жеткізіп, оның балаларға жағымды әсер беретінін алға тартты. Қонақтар мен балалар осы күні қазақтың ұлттық асханасынан дәм татып, ұлттық ойындар ойнады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу