Италиялық азамат алиментті ақшамен емес, пиццамен төлейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италиялық азамат алиментті ақшамен емес, пиццамен төлейтін болды

29.05.2016
Италиялық азамат алиментті ақшамен емес, пиццамен төлейтін болды

Италия соты ер азаматқа бұрынғы әйеліне алиментті ақшамен емес, айына 300 еуроның пиццасымен өтеуге рұқсат берді.

Ерлі-зайыптылар баланың әкесі ай сайын 300 еуро төлеуі тиіс деп келіседі. Алайда италиялықтың мұндай ақшасы болмайды. Сондықтан, ол алиментті өзінің жұмысында пісіретін пиццамен өтеуді ұсынады.

Әйелге оның ұсынысы ұнамағандықтан, қайта сотқа жүгінеді. Бірақ, бұрынғы күйеуінің жалақысы аз болғандықтан, сот оның пайдасына шешім қабылдайды. Бұдан былай италиялық кәсіби аспаз әйелі мен баласына алиментті пиццамен төлейтін болды.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу