Басты Жаңалықтар Жалған ақшамен есеп айырысқан

Жалған ақшамен есеп айырысқан

Жалған ақшамен есеп айырысқан
Өскеменде жалған ақшамен айласын асырып жүрген алаяқ  ұсталды. Қаржы полицейлерінің мәлімдеуінше, ол облыс орталығындағы дүкендердің бірінен азық-түлік сатып алып, жалған ақшамен есеп айырысқан.
 
Заңсыз жолмен жасалған 5 мың теңгелік купюралар қаладағы бірнеше дүкеннің кассаларынан  шыға бастаған.
 
Құқық қорғау органдары арнайы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жалған ақшаны өткізіп жүрген Алматы қаласының тұрғынын тұтқындады.  Оның көлігінен 100 дана 5 мың теңгелік жалған ақша табылды. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 
Лейла Ысқақова, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Қылмыстық іс қозғалып, азамат Можейкин қамауға алынды. Жалпы, жыл басынан бері жалған ақша жасау фактілері бойынша департаментте 21 қылмыстық іс қозғалды.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ
Бөлісу