Жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауға әйелдер қоғамы өз үлесін қосады - Г. Әбдіқалықова (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауға әйелдер қоғамы өз үлесін қосады - Г. Әбдіқалықова (ФОТО)

27.05.2016
Жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауға әйелдер қоғамы өз үлесін қосады - Г. Әбдіқалықова (ФОТО)

Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Біздің алдымызда сіздермен бірлесіп атқаратын елеулі міндеттер тұр. Тәуелсіздігіміздің биылғы ширек ғасырлық мерейтойы жаңа белестерді бағындырып, көкжиектерді кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген Ұлт жоспарын орындаудың маңызы зор. Сондай-ақ жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауда Ұлы Дала елі идеяларын жүзеге асыру орасан зор ықпал етеді деп ойлаймын. Елімізді жарқын болашаққа бастайтын бұл құндылықтарды насихаттауға әйелдер қоғамы да өз үлесін қосады деп сенемін», - деді Г. Әбдіқалықова.

Атап айтқанда, отырыста гендерлік бюджеттеу мен оны Қазақстанда енгізудің келешегі қаралды.

Бұдан бөлек, жиын барысында ерлердің репродуктивті денсаулығын жақсарту жөніндегі шаралар талқыланды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметіне қарағанда, елімізде ерлердің репродуктивті жүйесі аурулары тыныс алу органдарының, қан айналымы жүйесі мен ас қорыту ауруларынан кейінгі таралуы бойынша төртінші орын алады.

Мұнымен қоса, отырысқа қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының жұмысын қарастырды. Бүгінде елімізде 28 дағдарыс орталығы бар. Бұл орталықтарда 2015 жылы зорлықтың құрбандарына көмек көрсету мақсатында 211маман тартылып, 16,8 мың әйелге кеңес берілді. 

Хабарламаларға жазылу