Бүгін Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының финалдық ойындары өтеді. Финалға қазақстандық 4 боксшы қыз шықты. Олар: Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).
Ал, Айжан Қожабекова (57 келі) мен Жайна Шекербекова (51 келі) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Жайна Шекербекова Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынуда. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.
Айта кетейік, финалдық бәсекені бүгін сағат 14:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.