Елордада Түркі жазуы күніне орай «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы басталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Түркі жазуы күніне орай «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы басталды (ВИДЕО)

23.05.2016
Елордада Түркі жазуы күніне орай «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы басталды (ВИДЕО)

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйытқы болуымен бүгін елордада Түркі жазуы күніне орай «Ұлы дала» гуманитарлық ғылымдар форумы басталды.

Шараға арнайы келген Мэдисондағы Висконсин университетінің профессоры Юлай Шамильоғлы «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілгелі отырған форумға әлемнің 20-ға жуық елінен мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары, дипломаттар мен әйгілі ғалым-зерттеушілер қатыспақ.

Жиынның негізгі мақсаты - Ұлы дала құндылықтарының адамзат өркениеті дамуындағы орны мен маңызын пайымдау.

«Мен Қазақстанға жиі келемін. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде дәріс оқыдым. Сіздердің елдеріңіздегі әріптестеріммен тығыз байланыстамын.

Висконсин университетінде қазақ тілі бойынша сабақтар өткізіліп тұрады. Студенттердің оған қатысуға қызығушылығы бар. Қазақ тілі бойынша өтетін дәріске 4-5 тәлімгер қатысады. Бұл - АҚШ үшін жоғары көрсеткіш», дейді профессор.

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу