Мәскеуде банк бөлімшесінде адамдарды тұтқынға алған күдікті өлтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде банк бөлімшесінде адамдарды тұтқынға алған күдікті өлтірілді

19.05.2016
Мәскеуде банк бөлімшесінде адамдарды тұтқынға алған күдікті өлтірілді

Оқиға орнында, яғни банк ғимаратында жарылғышы затты залалсыздандыру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Көзі жойылған күдіктінің қолында жарылғышқа ұқсас зат бар.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні кешке қарай Мәскеудің шығыс аумағында банк бөліміне қарулы шабуыл жасалды. Күдікті ер адам банк қызметкерлерін тұтқынға алды. Ол полициядан ірі сомада ақша талап етіп, айтқанын істемесе ғимаратты жарып жіберетінін айтқан. 

Хабарламаларға жазылу