Ұлыбританияда бәзбіреу адамдарды тұтқынға алды

23.10.2017

Ұлыбритияның орталығындағы Нанитон қаласында боулинг-клубта қарулы бәзбіреу адамдарды кепіл тұтқынға алды. Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, полицияның құтқару операциясы барысында шабуылшының қолында болған екі адам босатылды. Олар дін аман. Ал, шабуыл жасаған күдікті жараланып, ауруханаға түсті. Әзірге оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз. Полиция бұл террорлық шабуыл емес деп мәлімдеді. Қауіпсіздік шаралары барысында қала тұрғындарына боулинг-клуб орналасқан саябаққа кірмеуге кеңес берілді. Қазір оқиға орнында ондаған полиция қызметкері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу