Қазақстандық азамат Google-да аға инженер қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық азамат Google-да аға инженер қызметіне тағайындалды

19.05.2016
Қазақстандық азамат Google-да аға инженер қызметіне тағайындалды

Google-да жұмыс істеп келген қазақстандық Ғалымжан Етеулин бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша аға инженер (Senior Softwаre Engineer) қызметіне тағайындалды.

«Ұлымды құттықтаймын!!! Ғалым Google-да қызметі өсіп, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша аға инженер (Senior Softwаre Engineer) қызметіне тағайындалды. Мен оны мақтан тұтам. Небары екі жыл бұрын ол тағы бір әлемге танымал компания AMAZON-да қызмет істеп жүріп, Google-ға ауысқан еді. Ғалым қазірдің өзінде бірнеше жобаның Tech Leader-і, бұған дейін бірнеше ірі жобаны жүзеге асырып үлгерді», - деп жазды Facebook-тегі парақшасына оның анасы Хафиза Баймұхан.

Хабарламаларға жазылу