Дархан Кәлетаев Украинадан басқа, тағы бір елде елші қызметін атқаратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Кәлетаев Украинадан басқа, тағы бір елде елші қызметін атқаратын болды

12.10.2020
Дархан Кәлетаев Украинадан басқа, тағы бір елде елші қызметін атқаратын болды

Президент Жарлығымен еліміздің Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. 

Бұдан өзге, бүгін Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Бердібай Қазақстанның Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Азамат Бердібай 1963 жылы 30 шілдеде Алматы қаласында туған. 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филолог, араб тілінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласындағы №45 орта мектепте, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде араб тілінің оқытушысы ретінде бастаған», - деп хабарлайды Ақорда. 




тағайындау Ақорда елші

Хабарламаларға жазылу