Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады

26.12.2019
Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: 

Олег Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды; 

Нұрлан Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды; 

Мария Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды; Ақылжан Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды; 

Әлия Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның алдында Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылған болатын.


Хабарламаларға жазылу