Елбасы: Әлем алдында ұятқа қалмайық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Әлем алдында ұятқа қалмайық

18.05.2016
Елбасы: Әлем алдында ұятқа қалмайық

Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі белесі. Осы кезеңде бізге сырттан көз тігіп, сынай қарап отырғандар көп,-деді  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтіп жатқан мемлекеттің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған кеңесте.

Бұл туралы Ақорданың твиттер-аккаунты хабарлап отыр.

«Әлем алдында ұятқа қалмай, күрделі мәселені сындарлы сұхбатпен шеше алатынымызды паш ете білуіміз керек.Бірлігі болмағандықтан, берекесі кеткен, неше жылдық еңбегі зая болып, дамуы кері қашқан қаншама елдер бар. Біз солардың қателігін қайталап, жұрттың табасына қалмауға тиіспіз»,-деді ҚР Президенті.

«Біз бірлігі берекелі елдің ырысы мол боларын білеміз», деп атап өтті Елбасы.

 

Хабарламаларға жазылу