Жанар Дұғалова: «Жас қанат» байқауы үшін шетелге іссапарымнан бас тартуыма тура келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар Дұғалова: «Жас қанат» байқауы үшін шетелге іссапарымнан бас тартуыма тура келді

18.05.2016
 Жанар Дұғалова: «Жас қанат» байқауы үшін шетелге іссапарымнан бас тартуыма тура келді

Бұл туралы «Жас қанат-2016» республикалық байқауының баспасөз орталығынан хабарланды.

«Мен кішкентайымнан әнші болуды армандадым және осы жолда еңбектендім. Ал, отбасым мені толықтай қолдады. «Жас қанат» байқауына қатысу анамның ойы еді. Өз басым көптеген байқауларға қатыссам да мектеп оқушысы болғандықтан «Жас қанаттан» қатты жүрексіндім. Өйткені  осыған дейін мен қатысқан байқаулардың барлығы балаларға арналған болатын. Ал, «Жас қанатқа» келгенімде бәрі жасыма  таң қалған. Сол себепті жеңісімді ең алдымен өзіме дәлелдедім. Себебі қатысушылардың барлығы тәжірибелі әрі жасы жағынан да үлкен болды»,-деген ойымен бөлісті әнші.

Оның сөзінше, сол уақыттан бері елімізде де өнер әлемінде де көптеген өзгерістер болды.

«Негізінен, мұндай байқауларды халық білуі керек. Осы күнде қалың көпшілік теледидарға қарағанда, интернетке көп қарайтын болды.  Ал, «Жас қанат» таза теледидарлық жоба және ол осы уақытта ерекше қолдауды қажет етеді. Жалпы мен болашақта «Жас қанат» пен «Азия дауысы» сияқты байқаларды елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін шаралардың қатарынан көргім келеді. Ол үшін әрине, осы байқауларға үлкен қолдау қажет және ол қолдау еліміз тарапынан көрсетілетін болады деп үміттенемін»,-деді Ж.Дұғалова.   

Хабарламаларға жазылу