"Watson жасанды парасат негізінде IBM компаниясы жасап шығарған Ross робот-адвокат Baker & Hostetler халықаралық адвокаттық бюроға жұмысқа қабылданды", - деп жазды Futurism.
Робот банкроттық рәсімге байланысты істі жүргізетін бөлімде жұмыс істейді. Қазір бөлімде 50 қызметкер бар. Ross кәсіби әдебиетке сілтемемен, дәйексөздер келтіре отырып, гипотезамен сұрақты түсініп, оған жауап беруге қабілетті. Осылайша, киберадвокат ауқымды орынсыз ақпараттарды електен өткізіп, заңгерлерге жәрдемдеседі және өтініштер санының артуына қарай тиімділігі арта түседі.
Бұдан басқа, жасанды парасат сот талқылаулары базасын тұрақты жаңартып, заңгерлерді ағымдағы істі қаруға ықпал ететін жағдайлар туралы хабарландырып отырады.