Бүгін Астанада әнші Досымжан Таңатаровтың бастамасымен қайырымдылық концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада әнші Досымжан Таңатаровтың бастамасымен қайырымдылық концерті өтеді

17.05.2016
 Бүгін Астанада әнші Досымжан Таңатаровтың бастамасымен қайырымдылық концерті өтеді

Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында әнші Досымжан Таңатаровтың бастамасымен қайырымдылық концерті өтпек.

«Бүгін  үш жарым жастағы Болатхан Аманның дертіне көмек болса екен деген ниетпен қайырымдылық концертін ұйымдастырмақпыз. Кешке эстрадамыздың бірқатар жұлдыздары қатысады.

Осы орайда айта кету керек,  қайырымдылық кеші туралы жарнаманы көрісімен, біздің де көмегіміз тисін деп, қатысуға өтініш білдірген жұлдыздар баршылық. Мұндай жағдайға келгенде бір қуанарлығы, қазақ үнсіз қалмайды. Оған Сіздердің телеарналарыңызда өткен «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафоны дәлел»,-дейді әнші.

Концерттің ең жас өнерпазы Әлмерей Асанәлі Жамбыл өңірінен кешке арнайы келді. Студияда жас күйші Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындап берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу