Қытай футбол құрамасы Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізетіндігі жайлы ресми жария етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай футбол құрамасы Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізетіндігі жайлы ресми жария етті

13.05.2016
Қытай футбол құрамасы Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізетіндігі жайлы ресми жария етті

Қытай футбол федерациясы өзінің ресми сайтында Қазақстан командасымен жолдастық кездесу өткізетіндігі туралы жария етті, деп жазады Sports.kz.

Матч - 7 маусымда.

Бұдан бұрын 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен тағы бір рет жолдастық кездесу өткізетіндігі жөнінде белгілі болған еді.  Бұл ойын - 30 тамызда.

4 қыркүйекте қазақстандық футболшылар үзілістен кейінгі бірінші ресми матчын өткізеді. Олардың қарсыласы Польша командасы болмақ. Сондай-ақ «Е» тобында Армения, Дания, Черногория және Румыния командалары ойнайды. 

Хабарламаларға жазылу