«Экран жұлдызын» бірге анықтайық! Дауыс берудің аяқталуына 7 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Экран жұлдызын» бірге анықтайық! Дауыс берудің аяқталуына 7 күн қалды

12.05.2016
«Экран жұлдызын» бірге анықтайық! Дауыс берудің аяқталуына 7 күн қалды

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы ұйымдастырып жатқан «Экран жұлдыздары» байқауы жалғасуда. Үміткерлер арасынан  476 дауыспен әзірге телеарна дикторы Мөлдір Құрымбева  алда келеді.

«Ертіс таңы» бағдарламасының жүргізушісі Мөлдір Қазымбет көрермендер мен интернет қолданушылардың 429 дауысына ие болған.  Ал,  тізімнің үшінші сатысында 405 дауыспен тілші Қуандық Танабас тұр.

Дауыс берудің аяқталуына 7 күн қалды.  Аймақтық арна журналистеріне http://vote.kaztrk.kz/14/ сілтемесі арқылы өтіп, қолдау білдіре аласыздар.

«Қазақстан»РТРК» АҚ-ның облыстық филиалдары арасында жүріп жатқан бұл сайыста «Қазақстан-Павлодар» арнасының ұжымынан барлығы 7 адам бақ сынауда. 

Алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады. Үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

«Экран жұлдызын» бірге анықтайық!

Хабарламаларға жазылу