«Қаражорға» топ жара ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаражорға» топ жара ма?

17.09.2014
«Қаражорға» топ жара ма?

ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестиваліне «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша қатысатын үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Ал, дауыс берудің аяқталуына санаулы сағаттар қалды.

Айта кетейік, бұл номинация бойынша 18 үміткер бақ сынауда. Бұған дейін интернет қолданушылардың көп дауысына ие болған бес орындаушы келесі кезеңге жолдама алған болатын.

Жетісудің халық әндерін нақышына келтіріп орындау арқылы тыңдаушысын тапқан әнші Ардақ Балажанова радиофестивальге халық әні «Қаражорғаны» ұсынып отыр.

Ардақ Балажанова 1977 жылы 30 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері ( 2009 жыл), сондай-ақ республикалық Ұлан Президент оркестрінің жеке орындаушысы.

«Қаражорға» бұл додада топ жара ма? Үздік әнді бірге анықтайық, дауыс беріңіздер!

 

Дауыс беру

Хабарламаларға жазылу