«Дала дауысы»: Келесі айналымға жолдама алған алғашқы бес үміткер белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы»: Келесі айналымға жолдама алған алғашқы бес үміткер белгілі болды

11.09.2014
«Дала дауысы»: Келесі айналымға жолдама алған алғашқы бес үміткер белгілі болды

Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасының эфирінен өтетін ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестиваліне қатысушыларға дауыс беру жалғасуда. Бүгін «Этноэстрадалық ән» номинациясы бойынша келесі айналымға жолдама алған алғашқы бес үміткердің есімі белгілі болды.

Олар: Ақылбек Жаңабаев («Қазақпын»), Шахаризат Сейдахмет («Желдірме»), Жақсыкелді Маясаров («Сарыарқа»), Ақмарал Қалданова («Тәлім»), Әлихан Дүйсенбай («Шежіре»).

Айта кетейік, үміткерлерге www.daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беруге болады. Ал, бұл номинация бойынша дауыс берудің аяқталуына 7 күн қалды. Үздік орындаушыны бірге анықтайық, дауыс беріңіздер!

Хабарламаларға жазылу