«Қазақстан-Петропавл» телеарнасының журналисі Фариза Жазитова «Есілдің еркесі» байқауында алда келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Петропавл» телеарнасының журналисі Фариза Жазитова «Есілдің еркесі» байқауында алда келеді

11.05.2016
«Қазақстан-Петропавл» телеарнасының журналисі Фариза Жазитова «Есілдің еркесі» байқауында алда келеді

«Қазақстан»РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай аймақтық филиалдарының қызметкерлері арасында байқау ұйымдастыруда.

Байқау екі кезеңнен тұрады.

Қазіргі кезде алғашқы айналымның ережесіне сай, телеарна ұжымдарының арасында сайт арқылы дауыс беру жүргізілуде.

Бүгін «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы өткізіп жатқан «Есілдің еркесі» байқауының алдын ала нәтижелерін ұсынамыз.

Арна қызметкері Фариза Жазитова көрермендер мен интернет қолданушылардың 487 дауысына ие болып, алдыңғы қатарға шықты. Екінші орында 435 дауыспен  «Таңғы шай» сазды-ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі Самат  Сапаралы тұр. Тікелей эфирдегі таңғы бағдарлама жүргізушілерінің бірі Балжан Бекмағамбетова 354 дауыспен үшінші орында келеді.

Дауыс берудің аяқталуына 8 күн қалды. Байқауға атсалысамын десеңіз, http://vote.kaztrk.kz/15/ сілтемесі арқылы өтіп, арнаның өзге де қызметкерлеріне дауыс бере аласыз.

Айта кетейік, алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады. Жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынау мүмкіндіге ие болады.

«Есілдің еркесін» бірге анықтайық! 

Хабарламаларға жазылу