Анджелина Джоли Британия ханымынан орден алды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анджелина Джоли Британия ханымынан орден алды (ФОТО)

13.10.2014
Анджелина Джоли Британия ханымынан орден алды (ФОТО)

Осыдан бірер күн бұрын Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли Букингем сарайында болды. Онда актрисаны Ұлыбритания ханымы II Елизаветаның өзі қарсы алып, орден табыстады.

Анджелинаға бұл орден дүниежүзі бойынша әйелдер зорлық-зомбылығына қарсы күресі үшін бұйырып  отыр. Айта кету керек, Джоли мұндай орден алған АҚШ-тан шыққан тұңғыш әйел.

«Ішкі саясатқа қатысты жұмыс үшін орден алу – мен үшін үлкен құрмет. Бұл – менің өмір бойғы талпынысым»,-дейді актриса журналистерге берген сұхбатында.

Фото: gettyimages.com

Хабарламаларға жазылу