Ұлттық арна Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді (ВИДЕО)

03.05.2016
Ұлттық арна Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді (ВИДЕО)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы былғары қолғап шебері Қанат Исламның 9 мамырдағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» атымен танылған Қанаттың бұл жолғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық боксшы Хуан де Анхель. Басты кездесу – Қанат Ислам мен Хуан де Анхельдің арасындағы жекпе-жек болмақ.

Кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe  тұжырымының  чемпионы, жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, қазақтың мақтанышы Қанат Ислам дәл қазір  «Нэльсон» промоутерлік клубының атынан шығып жүр.

Қанат өзі өткізген 20 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен. 17-ін нокаутпен аяқтаған. Ал, қарсыласы бұған дейін 18 кездесу өтізіп, 17-сінде басым түскен, тек біреуінде ғана ұтылған.

«Көңіл-күйім керемет. Қазір жарысқа қызу дайындық жүріп жатыр. Қарсыласымның өзіндік стилі бар. Мен ешқандай қарсыласымды осал деп есептемеймін. Әр кездесуіме бар күшімді салып дайындаламын»,-дейді Қанат.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу