«Мюзикола» дуэтінің музыкалық продюсері Болат Сыздықов дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мюзикола» дуэтінің музыкалық продюсері Болат Сыздықов дүниеден өтті

07.05.2016
«Мюзикола» дуэтінің музыкалық продюсері Болат Сыздықов дүниеден өтті

60 жасында «Мюзикола» дуэтінің музыкалық продюсері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Сыздықов дүниеден өтті.

«Достар, жаңа ғана суық хабар жетті. Тағы да аяулы дос, музыкант Болат Сыздықовтан айырылып қалдық. Біздің сүйікті әншіміз Батырдың қайтыс болғанына тура бір жылдан кейін... Не болып кетті өзі? Неге тек, жақсы адамдар?.. Тірісінде қалай қадірін білмейміз... Бақұл бол, қымбатты досым! Иманды бол!», деп хабарлады Марғұлан Сейсембаев Facebook-тегі жеке парақшасында.

Болат Мұратұлы Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстары факультетін тәмамдаған. 1973 жылдан - Қарағанды мемлекеттік филармониясының әншісі.

1974 жылдан - Қызыл тулы Орта Азия әскери округінің дивизия штабы әскери оркестрінің әншісі. 1976 жылдан - республикалық «Гүлдер» ансамблінің әншісі. 1979 жылдан - «Арай» тобының әншісі. 1983 жылдан - «А-Студио» тобының гитарисі. 1989 жылдан - М.Дунаевскийдің басшылығымен «Имакс» шығармашылық орталығының әншісі (Мәскеу). 1992 жылдан «Мюзикола» дуэтінің музыкалық продюсері.

Бүкілодақтық эстрада әртістері конкурсының лауреаты (Мәскеу, 1982), «Big Apple Music-96» танымал музыка халықаралық конкурсының лауреаты (Нью-Йорк).

Хабарламаларға жазылу