Әлеуметтік желі арқылы пайда табуға бола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желі арқылы пайда табуға бола ма?

04.05.2016
Әлеуметтік желі арқылы пайда табуға бола ма?

Facebook, Вконтакте, Instagram, Twitter. Қазір әлеуметтік желіге тіркелмеген адам аз. Себебі, заман солай. Бір адам бірнеше әлеуметтік желіні қатар пайдаланады. Бұл ретте әлеуметтік желілердің баршаға қолжетімділігі мен ақпарат таратудағы жеделдігін атап айтуға болады.

Әлеуметтік желілер арқылы түрлі бейнероликтер жасап, вайндар арқылы танымалдылыққа ие болып жатқандар қаншама?!

Блогер Өркен Кенжебек әлеуметтік желіден пайда көріп жатқандар қатарында көш бастап тұрғаны вайнерлер екенін айтады.

«Қазір жастардың дені Инстаграмда. Жалпы, барлық әлеуметтік желілер арасында Инстаграм алда тұр. Мұнда оқырмандарының саны жағынан  алда келе жатқан Баян Есентаева, Аша Матай және үшінші орында вайнер, бұған дейін белгісіз болып келген Нұрлан Сабыров деген жігіт»,-дейді ол.

Марк Цукерберг, Павел Дуров, Кевин Систром мен Майк Кригер. Бұл көпшілікке таныс Facebook, Вконтакте, Instagram  сынды әлеуметтік желілердің негізін салғандар.

Әлеуметтік желі арқылы пайда табудың жолдарын толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу