Қазақстанда түркітілдес халықтарға арналған әлеуметтік желі пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда түркітілдес халықтарға арналған әлеуметтік желі пайда болды

28.04.2014
Қазақстанда түркітілдес халықтарға арналған әлеуметтік желі пайда болды

Қазақстанның Интернет сегменті аумағында «Turkiler.com» атты түркітілдес халықтарға арналған әлеуметтік желінің бета-нұсқасы пайда болды. Бұл туралы «Капитал» басылымы хабарлайды.
 
 Сайт администраторының хабарлауынша, бұл жерден түркі халықтарының тарихы туралы пайдалы ақпараттарды табуға болады. Сондай-ақ, түрлі мемлекеттердегі адамдармен танысуға да мүмкіндік бар.
 
 Бұл портал – ақпараттық ресурс қана емес, сонымен қатар, бір-бірімен фотоматериалдар, видео жазбалар, мәтіндермен алмасуға мүмкіндік беретін аудитория болмақ.

Ұйымдастырушылардың  айтуынша, «Turkiler.com» әлеуметтік желісін құру идеясы  ҚР Президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауынан кейін  туындаған. Себебі, Жолдауда түркітілдес халықтардың мәдени қарым-қатынасы туралы баса айтылды.
 
 «Әлеуметтік желінің мақсаты – түркітілдес халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытқандардың басын қосу. Біздің бұл жобамызды көрші мемлекеттер де қолдайды деген сенімдеміз. «Turkiler.com» әлеуметтік желісі Facebook, ВКонтакте, Мой Мир, Одноклассники сынды желілердің қатарынан көрінуі мүмкін»,-дейді сайт өкілі Бақыт Әсенова.
 
 «Turkiler.com» әзірге бета-нұсқада. Сайттың ресми түрде жұмысын бастауы 2014 жылдың сәуір айына жоспарланған.

 

Хабарламаларға жазылу