Twitter және Трамп: әлеуметтік желі АҚШ президентінің сөздеріне күмән білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Twitter және Трамп: әлеуметтік желі АҚШ президентінің сөздеріне күмән білдірді

27.05.2020
Twitter және Трамп: әлеуметтік желі АҚШ президентінің сөздеріне күмән білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі парақшасындағы жазбалары астында алғаш рет аталған ақпарат туралы дәлелдерді тексеру туралы батырма пайда болды.

«Дәлелдерді тексеріңіз» батырмасы президенттің «АҚШ-тағы сайлауды пошта қызметі арқылы өткізуде алаяқтыққа жол береміз», - деген жазбасында шықты.


Батырманы басып, келесі сілтемеге өтсеңіз, аталмыш тақырып туралы дәлелдер мен дәйектер көрсетілген. Twitter-дің мәліметінше, мұндай айыптаулар шындыққа жанаспайды. «АҚШ-тың бірнеше штатында пошта қызметі арқылы сайлау жүйесі қалыпты жағдай»,- дейді фактчекерлер.

Естеріңізге сала кетейік, «дәлелдерді тексеріңіз» батырмасын әлеуметтік желі басшылары мамыр айының басында іске қосқан болатын. Олардың айтуынша, бұл желідегі жалған ақпарат көздерімен күресуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желі тарапынан жасалған мұндай әрекеттерден кейін Дональд Трамп Twitter-ді сөз бастандығын бұзды деп айыптады.

ВВС


Хабарламаларға жазылу