Қытайда 15 саусағы және 16 бармағы бар сәби дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 15 саусағы және 16 бармағы бар сәби дүниеге келді

04.05.2016
Қытайда 15 саусағы және 16 бармағы бар сәби дүниеге келді

Қытайлық Хунань провинциясында дүниеге келген нәрестеге дәрігерлер  полидактилизм диагнозын қойды. Баланың  қолында 15 саусағы және аяғында 16 бармағы бар.

УДЗ кезінде дәрігерлер мұны байқамаған. Сәбидің анасы Хонгтың әр қолы мен аяғында артық саусақ пен бақай бар. Нәрестені дүниеге әкелер алдында жергілікті зауытта жұмыс істейтін әйел үш беделді клиникада тексерілген. Алайда, дәрігерлер  бала физикалық ауытқушылықсыз туатынына сендірген, деп жазды svopi.ru. Енді сәбидің ата-анасы ұлына ота жасау үшін қаражат жинамақ.

Хабарламаларға жазылу