Әйгілі түрік әншісі Таркан өзінің Пынар Дилек есімді жанкүйерімен некесін қиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі түрік әншісі Таркан өзінің Пынар Дилек есімді жанкүйерімен некесін қиды

03.05.2016
 Әйгілі түрік әншісі Таркан өзінің Пынар Дилек есімді жанкүйерімен некесін қиды

Әйгілі түрік әншісі Таркан некесін қиды. Оның таңдауы өзінің Пынар Дилек есімді жанкүйеріне түскен. Олар осыдан бес жыл бұрын Германиядағы кезекті концерттердің бірінде танысқан.

Неке қию рәсімі Тарканның Тарабиядағы вилласында қарапайым ортада өтті, деп жазады Anadolu агенттігі. Ал, алдағы күндері көпшілікке үйлену тойын дүркіретіп жасауды жоспарлап отыр.

Қазір Түркияның белгілі тұлғалары мен жұлдыздары екі жасқа өз құттықтауларын жолдауда.  

Хабарламаларға жазылу