«How deep is your love» әнімен Efendi «Silk Way Star» жандырып жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«How deep is your love» әнімен Efendi «Silk Way Star» жандырып жіберді

14.10.2017

Тоғыз елдің музыка жанкүйері тамашалайтын думанда сахнаға бесінші реттік санымен Әзірбайжан елінің өкілі Efendi шықты.  

Әзірбайжандық әнші бүгінгі жарыс күніне әлемге әйгілі «How deep is your love» әнін орындады. Сонымен қатар, әнші осы жобаға қатысу, Қазақстанға келгендегі мақсатымен бөлісті.

«Бұл жаққа келгендегі бір ғана мақсатым – елімнің намысын лайықты қорғау. Сондықтан жоғары деңгейден түспеуім керек», - дейді Әзірбайжан әншісі.

Қазылар алқасының мүшесі Медеу Арынбаев (Қазақстан):

- Қонағымыз әнді өте заманауи стильде жандырып жіберді. Арқамыз, делебеміз қозып кетті. Билегіміз де келіп кетті. Efendi өзінің музыкалық талғамының жоғары екендігін, ырғақты жақсы сезетінін осы әнмен көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу