«Кел, көр мені» атты ән тыңдарманға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кел, көр мені» атты ән тыңдарманға жол тартты

31.01.2014
«Кел, көр мені» атты ән тыңдарманға  жол тартты
 
Қазақ-түрік қарым-қатынастары нығайып, барыс-келіс күшейіп келеді. Түбірі - бір, тамыры - ортақ екі халықтың мәдени байланысы да жоғарғы деңгейде. Екі ел арасындағы алтын көпірді жалғастырып жүрген дәстүрлі әншілердің бірі - Зағипа Иманғазиева.
 
Ол түрік шайыры Жүніс Әміренің сөзіне жазылған өлеңді нақышына келтіріп орындап берді. Түркия Республикасының елшілігінде «Кел, көр мені» атты бейнеклиптің тұсауы кесілді.
 
Клип туыстықтық пен бірлікті ту еткен түркітілдес халықтардың достығын баяндайды.
 
Ибрахим Йылдырым, Түрік мәдени орталығының директоры:
Сол ақынның бір өлеңінен қазақ әншісі Зағипа Иманғазиеваның бейнебаяны түсірілді. Әншілерді шақырдық, зиялыларды шақырдық, Түркия азаматтары да осында. Түркия және Қазақстан арасында достығымызды жандандыру  мақсатында осындай шаруалар жасаудамыз.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу