«Бұдан басқа, бізде ардагерлерге теңестірілген адамдарға жәрдемақы көзделген», - деп атап өтті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі Ләззат Ахметжанова.
«Концлагерь тұтқындары, қоршаудағы Ленинград тұрғындары, соғысқа қатысушылардың жесірлері, марапатталған тыл еңбеккерлері, өз еркімен қатысқан тұлғалар 10 АЕК жәрдемақы алады. Соғыс жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлері 5 АЕК сыйақы алады».
Облыс орталығында 2016 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша 131 майдангер тұрып жатыр. Қазір Жеңіс күніне арналған мерекелік шараларға қатысатын ардагерлердің тізімі жасалуда. Қалалық ардагерлер кеңесінің деректеріне сүйенсек, 53 майдангер Даңқ мемориалының жанында өтетін мерекені қарсы алуға тілегін білдірді.
Павлодар облысында барлығы 185 ардагер, ҰОС мүгедектері тұрады. Олардың көпшілігі Павлодарда. Екібастұзда 24, Ақсуда алты ардагер қалды. Бесеуі Шарбақты ауданында, үш-үштен Қашыр, Успенский, екі-екіден Ертіс, Ақтоғай, Лебяжинск, Железин, Баянауыл аудандарында, ал Павлодар ауданында 1 адам тұрады.
ҚазАқпарат