28 сәуірде елордадағы ҚР Ұлттық музейінде Дина Нүрпейісованың 155 жылдық мерейтойына арналған «Бұлбұл» атты күй кеші өтеді. Осыған орай күйші Айтолқын Тоқтаған «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.
Айтолқын Тоқтаған 2011 жылы әкесі, белгілі күйші Айтжан Тоқтағанмен бірге Дина Нүрпейісова күйлерінің жинағын шығарған болатын.
«Күй анасы» атанған Дина әжеміздің шығармашылығы туралы академик Ахмет Жұбановтың, Ғафура Бейсенова мен Ақселеу Сейдімбектің еңбектері бар. Қаршыға Ахмедияровтың 1991 жылы жарық көрген «Әсем қоңыр» атты еңбегі күйші шығармашылығын насихаттауда үлкен рөл атқарды. Бұл - Дина Нүрпейісова туралы алғашқы еңбек болатын. Бұлардың қатарын әлі де болса толықтырып, тағы бір жинақ шығармақ ойымыз бар», дейді домбырашы.
Күйші таңғы бағдарлама студиясында Дина Нұрпейісованың күй атасы, ұстазы Құрманғазыға арнаған «Тарту-сәлемдеме» атты туындысын орындап берді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.