Елордада Дина Нұрпейісова мен Қаныш Сәтбаевтың ескерткіштері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Дина Нұрпейісова мен Қаныш Сәтбаевтың ескерткіштері ашылды

07.07.2021

Қала күні қарсаңында Елордада екі бірдей ескерткіш ашылды. Бірі ғалым Қаныш Сәтпаевқа, екіншісі дәулескер күйші Дина Нұрпейсованың құрметіне қойылған. Ұлтын сүйген азамат, әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен соғылған. Еңселі ескерткіш ғалымның атындағы көше бойында, «Қазақстан» спорт сарайының алдында орын тепкен. Өнер туындысы мүсінші Асқар Нартовтың қолынан шыққан. Ашылу рәсіміне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

 Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Болашақ ұрпақ осындай біртуар тұлғаларға қарап, Сәтпаевқа қарап болашақта ізін басады деп сенемін. Осы меркелі күн жақсы оқиғалар, қуанышты оқиғалар көп болсын. 

Сонымен қатар халық композиторы, дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды. Салтанатты шарада сөз алған Мемлекеттік хатшы қазақ халқының өмірінде домбыраның алар орны ерекше екенін айтты. Ел ішінде «Күй анасы» атанып кеткен Динаның ғибратты ғұмыры мен өнер жолына тоқталды. Ұлттық өнердің бүгінге дейін жетуінде Дина Нұрпейісованың еңбегі орасан. Оның орындауындағы талай күй нотаға түсіп, хатталып кейінгі ұрпақтың асыл мұрасына айналды. Жоба Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.

 Бауырхан Жалын, мүсінші:
Мүсіннің биіктігі 2-75 метр. Салмағы 45 тоннадан асады.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу