Алматыда өткен мысықтар көрмесіне үй жануарының 18 тұқымға жататын 100 түрі шығарылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өткен мысықтар көрмесіне үй жануарының 18 тұқымға жататын 100 түрі шығарылды (ВИДЕО)

27.04.2016
Алматыда өткен мысықтар көрмесіне үй жануарының 18 тұқымға жататын 100 түрі  шығарылды (ВИДЕО)

Алматылықтар мысықтар көрмесін тамашалады. Жыл сайын өтетін шараны «Мысықтар ғаламшары» фелинологиялық орталығы ұйымдастырған. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 18 тұқымға жататын мысықтың 100 түрі  шығарылып, сатылымға қойылды.

«Көрмеге қатысатын мысықтардың әр тұқымына халықаралық стандарт бекітілген. Осы стандартқа сәйкес, Ресей мен Беларусьтен келген төрешілер үй жануарларының түр-түсін сынап, дене тұрқын, тіпті жүндерінің ұзын-қысқалығына дейін тексеруде», дейді «Мысықтар ғаламшары» орталығының жетекшісі Галина Николенко.

Жеңімпаз атанған мысықтарға түрлі титулдар беріледі.

Сондай-ақ, көрме аясында «Мысықтар арасында кім жүйік?» атты көңілді старт, арнаулы киімді маскарад, шараны тамашалауға келген көрермендер үшін танымдық ойын-сауық бағдарлама әзірленді.  

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу