«Біз өткен сессиядан осы уақытқа дейін жұмыс істеген Любовь Ни мен Олег Дымовқа алғысымызды білдіреміз. Өкінішке орай, О.Дымов арамызда жоқ. Ол таяуда қайтыс болды, жатқан жері жайлы болсын», - деді Н.Назарбаев.
Осыдан кейін, Ассамблея кеңесі төраға орынбасары лауазымына «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігініңтөрағасы Леонид Питаленко мен Қазақстандағы өзбектердің қоғамдық бірлестігі қауымдастығының құрметті төрағасы Розақұл Халмурадовты ұсынды.
«Біз бұл кандидатураларды жақсы білеміз. Егер, қарсылық болмаса, сіздердің алдарыңызды тағайындаймын», - деді ҚР Президенті.
ҚазАқпарат