Елбасы ҚХА төрағасының орынбасарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы ҚХА төрағасының орынбасарын қабылдады

04.06.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Кездесуде Елбасыға Ассамблеяның қазіргі қызметі мен соңғы сессияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру барысы жайлы ақпарат берілді. Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейінгі жетістіктерді жалғастыру үшін елде тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Сондықтан да ассамблеяға халықтың бірлігін нығайту үшін қоғамды жұмылдыру міндетін жүктеді. 

 Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Әр облыста өздерінің ғимараттары бар, жиналатын жерлері бар, өздерінің тілін үйретін жерлері бар, тарихын еске түсіретін жерлері бар. Ассамблея қоғамның өркендеп өсуіне көп жұмыс жасап келе жатыр. Сондықтан қазіргі жағдайда сол жаңағы ұжымдарды, барлығын пайдаланып, елдің арасын біріктіріп, әр этностардың арасын біріктіріп, Қазақстандағы түгел азаматтардың бірлігін сақтауға жұмсауымыз керек.

Хабарламаларға жазылу