ҚХА-дан Мәжіліске сайланатын депутаттар анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА-дан Мәжіліске сайланатын депутаттар анықталады

11.01.2021

Дәл қазір елордада Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне депутаттар сайлауы өтіп жатыр. Осыған орай ҚХА-ның ХХVІІІ сессиясы ашылды. Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымнан құралған ҚХА мүшелерінің делегациялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен халықаралық бақылаушылар мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр. 

Айта өтейік, 2007 жылы Ата заңға Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген еді. Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностар мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталғанын атап өтті. 

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер үшін дауыс беруге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та келеді деп күтілуде.

Альбина Әшім

сайлау 2021 парламент сайлауы

Хабарламаларға жазылу