«Өрмекші адам» атанған Ален Робер Алматыдағы «Еsentai Tower»-дің төбесіне шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өрмекші адам» атанған Ален Робер Алматыдағы «Еsentai Tower»-дің төбесіне шықты (ВИДЕО)

25.04.2016
«Өрмекші адам» атанған Ален Робер Алматыдағы «Еsentai Tower»-дің  төбесіне шықты (ВИДЕО)

«Өрмекші адам» атанған әйгілі франциялық құзға өрмелеуші Ален Робер Алматыдағы металл мен әйнектен соғылған «Еsentai Tower» ғимаратының төбесіне өрмелеп, жергілікті жұртшылыққа үлкен шоу ұсынды.

Ол биіктігі 168 метрлік нысанның 38-ші қабатына 1 сағат 20 минутта жетті. 

 «Жел соқса да, жаңбыр жауса да алған бетімнен қайтпаймын», -деді ол шоу алдында журналистерге берген сұхбатында.

Ален Робер бұған дейін Нью-Йорктегі «Hilton» қонақүйі, Барселонадағы «Torre Agbar» сынды нысандарды бағындырған.

Ал, Дубайдағы 828 метрлік «Бурдж-Халифа» ғимаратына алты сағат бойы өрмелеп шығып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

«Құзға өрмелеу, зәулім ғимаратқа шығу - екеуі де қиын нәрсе. Кез келген құрылыстың өз кедергісі болады. Оның барлығы өте ауыр және күрделі. Алайда, бір биіктен келесі биікке жеткен сайын тәжірибең молая береді. Ерік-жігерің де еселене түседі», дейді ол.

«Еsentai Tower» ғимаратының қабырғасы теп-тегіс болғандықтан, ұйымдастырушылардың талабы бойынша спортшы сақтандыру құралдарына жүгінген. «Өрмекші адамның» өнерін тамашалауға жиналғандарда есеп болмады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу