Эквадор президенті Рафаэль Корреа тербелісі 7,8 балл болған жойқын жер сілкінісінің құрбандар саны 646 адамға өскенін хабарлады, деп жазады Gazeta.ru.
Тағы 130 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Президент сондай-ақ, 12,5 мың адам жарақаттанғанын айтты.
Шұғыл қызметтердің мәліметтері бойынша, зілзала салдарынан 7 мыңға жуық ғимарат қираған, 2,7 мыңы бүлінген. Ел аумағы бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.