Тайваньдағы жер сілкінісінің салдарынан құрбан болғандар саны 93 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньдағы жер сілкінісінің салдарынан құрбан болғандар саны 93 адамға жетті

12.02.2016
Тайваньдағы жер сілкінісінің салдарынан құрбан болғандар саны 93 адамға жетті

Бұл туралы Sina порталы хабарлады.

Осыған дейін табиғи апаттан 87 адамның мерт болғаны хабарланған. Зілзаладан зардап шеккен және дене жарақаттарын алған адамдар саны 559 адамды құрап отыр. 31 адам іздестірілуде. Мерт болғандардың басым бөлігінің денелері Тайнань қаласында құлаған 17 қабатты ғимараттың қирандыларының астынан табылған.

Тайвань прокуратурасы жер сілкінісінен құлаған 17 қабатты  ғимаратты салған Golden Dragon Building фирмасының өкілдерін тұтқындады.  

Тайнань қаласы билігінің Рейтер агенттігіне хабарлаған өкілінің айтуынша, фирма өкілдеріне соңы адам өліміне алып келген  абайсыздық әрекет жасады деген айып тағып отыр.  Бұған дейін Қытай БАҚ-ы көпқабатты ғимараттың құлауына құрылыс кезінде жіберілген кемшіліктер себеп болды деп жазған  болатын. 

Айта кетейік, өткен аптада Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды. 

Хабарламаларға жазылу